«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қош келдіңіздер!

Шөл дала мен асқақ тауларды қамтыған ерекше табиғатымен "Алтын-Емел" сізді таңдандырады.
Таңғажайып әсерлер әлеміне аттаныңыз.

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның оңтүстік-шығысында, орналасқан. Оның табиғаты георгафиялық аймақтың сан түрін өз бойына қамтуымен, әсемдігімен жұртшылықты таң қалдырады.

Ұлттық парктің құрудың мақсаты-флора мен фаунаның сирек, құрып кету қаупі төнген және аса құнды түрлерінің бірегей табиғи кешендерін сақтау. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мекеме) биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтауға, табиғат қорғау, экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда бірегей табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылады, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құндылыққа ие. МСОП критерийлері бойынша «Алтын-Емел» МҰТП ЕҚТА II санатына жатады.

қош келдіңіздер!

«Алтын-Емел» ұлттық паркі сізді табиғаттың баға жетпес кереметтерімен қарсы алады. Әуенді дыбыстар шығаратын ерекше құм төбе – Әншіқұм, алуан түсті еңістерімен таңғалдыратын көрікті Ақтау таулары, Шолақ тауындағы ежелгі петроглифтер, сондай-ақ тек осы өңірге тән сирек өсімдіктер мен жануарлар әлемі сіздің саяхатыңызды ұмытылмастай етеді.​

Байтурбаев К.Н.
Бас директор

Галерея