Бiз туралы
«Алтын-Емел» МҰТП Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі № 416 Қаулысымен құрылған, Алматы облысы мен Жетісу облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Қапшағай қалаларының аумақтарында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы 307 653 га құрайды. МҰТП-ға Жоғарғы Көксу қорығы бекітілген -240 000 га.
Ұлттық парктің құрудың мақсаты-флора мен фаунаның сирек, құрып кету қаупі төнген және аса құнды түрлерінің бірегей табиғи кешендерін сақтау.
2017 жылы саябақ ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енгізілген және халықаралық маңызы бар биорезерват мәртебесіне ие.
2019 жылдың маусым айында МҰТП ЕҚТА Халықаралық қауымдастығына (International Association Of Protected Areas) (IAPA) кірді.
2023 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау комитетінің шешімі бойынша «Қоңыржай белдеудің Тұран шөлдері» ұлтаралық номинациясының бір бөлігі ретінде Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді.
Қазіргі уақытта ұлттық парк аумағында келушілерге қызмет көрсету үшін 3 туристік маршрут жұмыс жасайды. «Алтын-Емел» МҰТП-ның негізгі көрікті жерлері — ауданы 240 га болатын Республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші — «Айғайқұм» болып табылады. Ақтау және Катутау таулары-ұлттық парктің геологиялық ландшафты бойынша ең көркем және бірегей учаскелері. «Бесшатыр» сақ қорғандары – үлкен, орта және кіші 31 қорғаннан тұратын тарих пен мәдениеттің бірегей археологиялық ескерткіші. Ұлттық парк аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 260 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі, қосмекенділердің 4 түрі мекендейді. Оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген 44 түрі бар, оның ішінде сүтқоректілердің 11 түрі (Құлан, қарақұйрық, арқар), құстардың 28 түрі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
«Алтын — Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан жері: Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылы, Мәметов көшесі, 2.