Табиғи ерекшелігі
Алтын — Емел ауа райы құбылмалы — аязды, қыс құрғақ әрі аязды, көктем құрғақ болса, жаз айлары қатты ыстығымен ерекшеленеді. Жауын-шашын қалыпты мөлшерден төмен болып келеді.
Ұлттық парктің климатына экваторлық массадан басқа барлық ауа массалары әсер етеді, негңзңнен қоңыржай ендіктердің континентальды ауа массасы сақталады.
Алтын – Емел аумағы күн радиациясының жоғары әсер ету аймағына жатады. Күн ұзақтығы желтоқсанда 9 сағаттан маусым айында 15,4 сағатқа дейін ұзарады.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері біркелкі емес, 300-330 мм-ден аспайды және басым мөлшері сәуір-мамыр (31-32 мм) және қазан (28 мм) айлары аралығында болады. Көп жағдайда жауын-шашын мөлшері 2 мм-ден аз жауады, алайда 10 мм-ден асатын жекелеген жағдайлар байқалған. Жауын суының мөлшері жазық – далалы аймақтарда жылына орта есеппен 200 мм, тауларда — 300 мм – ге дейін. Шөлді аймақтарда жаз айларында булану жылдық жауын-шашын мөлшерінен 10 есе көп болуы мүмкін. Салыстырмалы ылғалдылықтың ең төменгі мөлшері шілдеден қыркүйекке дейін және ең төменгі мөлшері тамыз айларында байқалады.
Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның үшінші онкүндігінде қалыптасады және наурыз айының басына дейін созылады. Қар жамылғысының биіктігі орта есеппен 5-10 см құрайды. Ұлттық парктің батыс бөлігі, атап айтқанда Қапшағай су қоймасының маңында қар жамылғысы ұзақ сақталмайды. Қардың едәуір бөлігі еспелер мен ескі өзен аңғарларында, сондай-ақ таулардың етегінде, бөктерлердің теріскей бетінде жиналады.
Құрғақ желді ауа-райы басым, шаңды дауылдар жиі кездеседі.
«Алтын — Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы атмосфералық ауаның салыстырмалы түрде жоғары тазалығымен ерекшеленеді, өйткені 200-300 шақырым радиуста атмосфераны ластайтын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да объектілер жоқ. Ұлттық парк аумағын солтүстік-шығыс бөлігінде Республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал автомобиль жолы кесіп өтеді, алайда жолдың көлік ағыны үлкен емес. Сонымен қатар, шығыс-батыс бағытындағы жиі және тұрақты жел ағыны Солтүстік Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының биік тау жоталары арасындағы жазық дәліз болып табылатын Іле ойпатының ауасын тез тазартады.